«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЛКЕТАНУШЫМЕН КЕЗДЕСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының залында белгілі өлкетанушы Михаил Морозовпен кездесу өтті. Ескі шаһар туралы бірнеше кітаптың авторы жиналғандармен сыр-сұхбат құрды.

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Түмен облысында туған, бірақ бала кезінде ата-анасымен бірге Петропавлға көшіп келген Михаил Андреевичтің өлкетанушылық ісі осы жерде басталған. 1964 жылы арман қуып, бұрынғы Целиноград медицина институтына оқуға түседі. Алты жылдан кейін ол дәрігерлердің біліктілігін шыңдау институтына аспирантура бітіріп шығу үшін Ленинград қаласына аттанады. Ал 1973 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап шығады.

Қазіргі уақытта жазушы Санкт-Петербургте тұрады, хирургиядан сабақ береді. Астана күні мерекесіне орай келіп отырған мейман ұзақ жылдардан бері Петропавл туралы ақпарат жинап, кітаптар шығарған екен. Оның алғашқы туындысы 1991 жылы “Петропавловск в дореволюционных источниках” деген атпен жарық көрген. Екі жыл өтісімен “Петропавловск – северные ворота Казахстана” деген тағы бір еңбегі басылып шықты. 2002 жылы “Петропавловск в иллюстрациях и информациях” деген кезекті кітабы оқырмандарға жол тартты.

Құнды деректерге толы Михаил Морозовтың кітаптарын Петропавлдың кез келген кітапханасынан тауып, оқуға болады.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp