«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлдарай ҚАЙНЕТОВА,

“Өрлеу” БАҰО” АҚ

«СҚО бойынша ПҚ БАИ”

филиалының аға оқытушысы.

Алматы қаласында “Өрлеу” біліктілік арттырудың ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен “Педагогтің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты” тақырыбында І республикалық педагогикалық оқу өткізілді. Оған аудандық (қалалық), облыстық, республикалық кезеңдерін қоса алғанда, барлығы 74080 мұғалім, ал республикалық кезеңге баяндамалары іріктеліп алынған 330 мұғалім қатысып отырды. Олар – Қазақстанның барлық аймақтарынан келген мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіби, қосымша және жоғары білім беру ұйымдарының өкілдері.

Бірінші республикалық педагогикалық оқулардың аясында мектепке дейінгі білім беруден бастап, жоғары білім беруге дейінгі инновацияның әр қырын қамтыған ғылыми баяндамалар ұсынылып, талқыланған 7 секция жұмысы, шеберлік сыныптары, инновациялық идеялар аукционы өткізілді. Сонымен қатар педагогикалық оқу аясында Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Қанипа Бітібаева “Республикалық ғылыми-әдістемелік зертханада оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру” тақырыбында онлайн-шеберлік сыныбын өткізді.  

Педагогикалық оқу барысында өзінің озық идеяларын ұсынып, жаңашыл тәжірибелерімен ерекшеленген ұстаздар Құрмет грамоталарымен, 55 мың (ІІІ дәреже), 65 мың (ІІ дәреже), 75 мың (ІІІ дәреже) теңге көлеміндегі ақшалай сыйақылармен марапатталды.

Республикалық педагогикалық оқуға Солтүстік Қазақстан облысынан 17 ұстаздан құралған делегация қатысты. Оның ішінде мектепке дейінгі білім мен тәрбие мекемесінен (Петропавл қаласындағы “Малыш” бөбекжай- бақшасы), жалпы орта білім беру мекемелерінен (Тайынша ауданы Миронов ОМ, Аққайың ауданы Смирново №3 ОМ, Қиялы ОМ; М. Жұмабаев ауданы Батыр Баян атындағы мектеп-гимназия, Ғ. Мүсірепов ауданы Новоишим №1 ОМ, Мамлют ауданы Михайлов ОМ, Айыртау ауданы Саумалкөл №2 ОМ, Петропавл қаласынан №6 ОМ, №20 ОМ, №5 ОМ, Бірінші гимназия, №4 ОМ), техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінен (Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі, Петропавл машина жасау колледжі, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі), арнайы түзету білім мекемелерінен (Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов арнайы түзету мектеп-интернаты, Петропавл қаласындағы №1 арнайы түзету мектеп-интернаты), (“Өрлеу” біліктілік арттырудың ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының филиалы “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан өкілдер қатысты. Ұстаздар білім берудегі инновациялық үдерістің барысында жинаған озық тәжірибелерін ортаға салып, республиканың барлық аймақтарынан жиналған әріптестеріне білім берудің өңірлік даму нышандарын таныстырды. З. Б.Сапарова (Тайынша ауданы Миронов ОМ), Р. К. Хамзина (Аққайың ауданы Смирнов №3 ОМ), Д. А. Әлібаева, П. М. Шанаурин (Мамлют ауданы Михайлов ОМ), Т. В. Терейковская (“Өрлеу” Біліктілік арттырудың ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалы”) сияқты ұстаздар мақтау грамоталарымен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp