Қызылжарлық спортшылар Ресейдің Новосибирск қаласында өткен “Спорт – Искусство – Интеллект” атты Халықаралық балалар ойынынан оралды. “Жеңіс” спорт мектебінің тәрбиеленушілері семсерлесу және баскетбол ойыны бойынша өнерлерін паш етті.
Жарыс қорытындысына келсек, облыстық ерлер құрамасының мүшесі Денис Анацко жекелей сында үшінші орын, алса, командалық сайыста шеберлігімен алдына жан салмады. Қыздарымыз да жақсы нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық екінші орынға тұрақтады. Ал жалпы қорытындыға келсек, қызылжарлық семсер шеберлері екі алтын, бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді.
Баскетболшыларымыз өз топтарында тек Волгоград пен Томск құрамаларына еселерін жіберіп алды. Жарыстың жеңімпаздары – Волгоград баскетболшылары. Жерлес баскелтболшылар – бесінші орында.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.