«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ САНЫ 21-ге ЖЕТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылы суға түсу маусымы басталғалы судың құрбаны болғандардың қатары күн санап өсуде. Жыл басынан бері 21 облыс тұрғыны суға кетсе, оның 3-еуі – бала.  

Соңғы қайғылы жағдай Айыртау ауданының Шалқар көлінің оңтүстік-шығыс жағалауында орын алды. Белгілі болғанындай, шілденің 7-сі күні Ақмола облысынан келген отбасы көлде суға түсіп, демалған. Кешкілік аяқастынан көтерілген жел суға шомылып жүрген үш баланы су тұңғиығына әкеткен. Көмекке келген үлкендер екі баланы аман алып қалғанымен, бір бала суға батып кетті. Суда жүзуді білмесе де, 10 жасар жиенін құтқармақ болған 21 жастағы жігіт те су құрбаны болды.

 

Жергілікті құтқарушылар өткен аптаның өзінде ғана 9 демалушыны өлім аузынан аман алып қалды. Тіркелген барлық төтенше жағдай Есіл өзені мен Пестрое көлінің жағалауында орын алды. Құтқарылғандардың ең жасы – 9, ал ең үлкені – 42 жаста.

Жалпы суға түсу маусымы басталғаннан бері облыстың су қоймаларында 42 адам құтқарылды.

СҚО ТЖ департаменті қайғылы оқиғалар мен төтенше жағдайлардан аулақ болу үшін су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері мен ормандағы өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp