Қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында бірнеше автокөлікті тонаған 34 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Сәуір айынан бері қалалық ІІБ-ге үй ауласында тұрған көліктерден құнды заттардың жоғалғандығы жөнінде бірқатар шағым түскен. Ұры қылмысты түнгі уақытта жасап, құжаттар мен ақшаны, радиоаппаратура, автомагнитола мен басқа да заттарды алып кетіп отырған. Бұл қылмысқа күдікті ретінде бұрын осындай әрекеті үшін сотталған Петропавл қаласының тұрғыны ұсталып отыр. Техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде жұмыс істеген азамат көліктердің есігін қайшының көмегімен ашып келген. Қазір оның 12 автокөлікті тонағаны белгілі болды. Ұрланған заттарды қала базарларында, такси жүргізушілері мен бейтаныс адамдарға сатқан. Қылмыстық іс қозғалды.
Жыл басынан автокөліктерді тонауға қатысты 47 факті тіркеліп, 27-сі әлі күнге ашылған жоқ.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.