Облыс полицейлері кішкентай қыз балаларды зорлауға қатысты екі бірдей қылмыстық істі тергеуде.
Екі факті де аудандарда тіркелген. Бірінде ақыл-есі кем ауыл тұрғыны тал түсте 5 жастағы қыз баланы зорлаған. Полицияға қыздың анасы арызданды. Ер адам психоневрологиялық ауруханаға жатқызылған соң бұл факті бойынша қажетті сараптамалар белгіленіп, жәбірленушінің зорланғаны дәлелденді. Ауыл тұрғыны қазір қамауда отыр.
Ауыр қылмыс жасап, бұрын істі болған 33 жастағы ер-азамат өзінің 9 жастағы туысқанын зорлағаны үшін айыпталды. Мас болған ер адам дүкеннен шыққан қыз баланы орман ішіне апарып, күш көрсеткен. Бұдан қалды, балаға “болған жай туралы ешкімге тіс жарма” деген. Оқиғаны полицейлерге қыздың әжесі айтып келген. Ер адам туысқандарының үйінде жасырынған жерінен табылды.
Екеуі де осындай аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.