Динара ҒАББАСОВА,
Есіл аудандық ТЖБ-і бастығының м.а., өртке қарсы қызмет подполковнигі.
Үстіміздегі жылдың 26 маусымында кешкі сағат сегізде Явленка ауылының маңындағы Есіл өзенінде суға шомылып жүрген 25 жастағы мұғалім Ксения Шестоперова бір мезетте жанұшыра жәрдемге шақырған адамның дауысын естиді. Айналасына көз салып қараған ол жақын маңда дария иірімінде суға кетіп бара жатқан азаматты көрген. Ойланып тұратын уақыт жоқ. Лезде көмекке келіп, оны өлім аузынан алып қалған.
“Мен көмек сұрап, айқайлаған адамды аман алып қалуға тырыстым. Бұл ісімді ерлік деп санамаймын. Себебі, қауіп-қатер төнгенде көмекке келу – азаматтық парыз”, – дейді құтқарушы.
Астана күніне орай өткізілген мерекелік шара барысында Есіл ауданының әкімі Мұратбек Әбішев көрсеткен ерлігі үшін мұғалімге СҚО ТЖ департаменті бастығының атынан Құрмет грамотасын табыстады (суретте).