«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘДИНА ЕСІМДІ МАС ҚЫЗ полицейлерді дүрліктірді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Буденное ауылында тұратын 21 жастағы бойжеткен бірнеше рет аудандық ішкі істер бөліміне хабарласып, жалған мәлімет берген. Алғашқыда ол “Наубайхананың жанында белгісіз мәйіт жатыр” деп хабарлаған. Хабарды алған тәртіп сақшылары оқиға орнына бүкіл жедел әрекет ету тобын жұмылдырып, аумақты түгел тінтіп шыққан. Бірақ іздеу шаралары нәтижесіз болып шықты. Кейін кезекші бөлімге “А 7” мейрамханасына жарылғыш зат орнатылды” деген тағы бір хабар келіп түседі. Бұл ақпаратқа орай да құқық қорғау органдары сабылады. Қауіпті ғимараттың аймағын қоршауға алып, тез арада мейрамханадан 6 жұмысшы шығарылған. Сол тұста полицейлер мәлімет иесімен байланысқа шығып, оның қоңырау шалып тұрған жерін анықтайды. Қыз бала жақын маңдағы үйлердің подъезінде жасырынып отырған жерінен ұсталды. Араққа сылқия тойып алған бойжеткен өзін Мәдина деп таныстырған.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш ауданда жарылғыш зат туралы жалған мәлімет беру осымен екінші рет қайталанып отыр.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp