«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Тілеген Қаскиннің төрағалық етуімен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен өзара әрекет ету және ынтымақтастық орнату жөніндегі Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Департамент жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуынша, ең басты міндет азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын бақылауды қамтамасыз ету жолында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің, қоғам қайраткерлері мен тұрғындардың күш-жігерін біріктіру болып табылады. Кеңес жұмысы мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы байланысты жеңілдетіп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталады. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 2013 жылы облыс көлемінде мемлекеттік қызметтің 56 түрі заң бұзушылықпен жүзеге асқан. Олар бойынша лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту мәселесі қолға алынған. Көбіне-көп тұрғындардан түсетін өтініш-шағымдар әлеуметтік маңызы зор мемлекеттік қызметтерге байланысты. Мәселен, балабақшалардағы кезек, учаскелік дәрігерді үйге шақырту мәселелері бойынша департаменттің сенім телефонына келіп түскен шағымдар басым. Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Жанат Жұмабаевтың айтуынша, кез келген тұлға ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаментінің kyzmet.kz сайтына кіріп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жөнінен шағым-тілектерін қалдыра алады.  

2014 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қоғамдық мониторинг пен жеке тұлғалардың өтініші негізінде мемлекеттік органдардың жұмысына тексеріс жүргізілетін болады. Олардың нәтижесі белгілі болған соң тексерілген субъекті басшылығының атына немесе одан жоғары тұрған органға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша орын алған кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар жолданады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына байланысты түскен шағымдарды агенттік 15 жұмыс күні ішінде қарастыруға тиіс.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp