«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылордада есірткі алқабы табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Қызылорда-Жезқазған” тас жолының 170-інші шақырымында сораға ұқсас өсімдіктердің алқабын анықтады. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Тексеру барысында алқапта сораға ұқсас барлығы 7265 түп өсімдік, есірткі затына ұқсас жасыл түсті шөп тәріздес заттар, 1 дана су айдайтын және 1 дана ток беретін сорғылар, 1 дана газ баллоны, 1 дана газ плитасы, 3 адамға арналған ыдыс-аяқтар, көрпе-төсектер,1 дана кетпен, 2 дана күрек және азық-түліктер табылған. 7 мың 265 түп өсімдіктің 7 мың 250 түбі сол жерде өртеу жолымен жойылды, ал қалған 15 түбі және жасыл түсті шөп тәріздес заттар айғақ зат ретінде алынды, – делінген анықтамада.

Сот-криминалистикалық сараптаманың қорытындысы бойынша, алынған 15 түп өсімдік есірткі құралына, яғни сора өсімдігіне жататыны, 11 кило 319,70 мг. шөптің “кептірілген марихуана” екені анықталды.

Аталған факті бойынша сезікті ретінде Қызылорда қаласының үш тұрғыны ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Азаматтардың қылмыстық әрекеттері дәлелденсе, олар үш жылдан сегiз жылға дейiн бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Жыл басынан бері Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткінің 11 алқабын анықтап, 40 килоға жуық есірткі заттарын тәркіледі.

(Бет “ҚазАқпарат” агенттігінің материалдары негізінде дайындалды).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp