«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зілтеміршілеріміздің қоржынында – 11 медаль

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында зілтемірді серпе көтеруден және пауэрлифтингтен ел біріншілігі өтті. Еліміздің 200-ден астам мықты спортшысы бақ сынаған бәсекелі додада өңір намысын 30 үміткер қорғады. 

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин мен ҚР Пауэрлифтинг федерациясы төрағасының орынбасары Владимир Новоселов сайысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Ересектер арасында зілтемір көтеруден өткен сайыстың қорытындысы бойынша Петропавлдың намысын қорғаған спортшылардың 3-еуі спорт шебері атағын иеленді. Атап айтсақ, жасөспірімдер арасында 74 кило салмақта жеңімпаз атанған Николай Василенко жалпы 185 килограмды бағындырып, ҚР спорт шебері нормативін орындады. Жасөспірімдер арасында 83 кило салмақ дәрежесінде бақтарын сынаған Александр Ермак пен Денис Криворучко екінші және үшінші орындарға табан тіреп, спорт шеберлері атанды. Ал 105 кило салмақта 130 кило зілтемірді бағындырған тағы бір жерлесіміз – Сергей Любых бірінші орынды иеленді.  

Сондай-ақ екі жерлес спортшы үмітімізді ақтап, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Ерлер арасында 93 кило салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Данил Кейн 235 кило нәтижемен төртінші болса, ал 120 кило салмақ дәрежесінде 277,5 кило салмақты бағындырған Юрий Дурников күміс медаль тағынды.

Бәсекеде білекті азаматтар – Станислав Бартусевич (93 кг.), Виктор Козловский (105 кг.), Ринат Ахматаков (+120 кг.), Сергей Делицын (+120 кг.), Игорь Горячев (66 кг.) солтүстікқазақстандық құраманың қоржынына күміс әкелсе, ал Ануар Камеш (59 кг.) қола медаль еншіледі.

Жарыстың бас төрешісі Қанат Қоңыровтың айтуынша, серпе көтеру сайысында жеңімпаз атанған зілтеміршілер Моңғолия елінде өтетін Азия чемпионатына іріктелсе, ал жасөспірімдер арасында сыннан сүрінбегендер АҚШ-та пауэрлифтинг бойынша өткізілетін әлем біріншілігіне жолдама алады.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp