«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ БАРЫСЫ – облыс әкімінің бақылауында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жұма күні облыс әкімі Самат Ескендіров жұмыс сапарымен Тайынша ауданына барып, “Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалово” бағытындағы жаңартылып жатқан жолдың жағдайымен танысты. Осы жерде өңір басшысы облыс жолдарын жөндеп жатқан барлық мердігерлер мен тиісті ведомстволар басшыларының басын қосып, кеңес өткізді. 

Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ,

журналист.

Кеңесте Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейбіт Исманов облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды қалпына келтіру жұмысының барысымен таныстырды. Биыл күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына 12 миллиард 5 миллион теңге бөлінген. Оның 6 миллиард 9 миллион теңгесі өңір арқылы өтетін республикалық жолдарды жөндеуге бағытталған. Ал ұзындығы 7,5 мың километрді құрайтын облыстық маңызы бар жолдардың бүгінде тек 30 пайызы көліктердің қатынауына жарамды деп танылған. Осы орайда облыс әкімі мердігерлерден пайдаланып жатқан материалдарының сапасы жайлы сұрады. Жолдарды жөндеу жұмысының сапалы болуын және толық көлемде орындалуын талап етті.

– Жолды қалпында ұстауға міндеттіміз. Осы күйінде қалдыра берсек, барынан да айрыламыз. Жолдардың көп бөлігі әбден тозған. Сондықтан бюджеттегі кірістің қыруар бөлігін жолдарды жөндеуге бағыттадық. Осыған орай мердігерлердің сеніп тапсырылған жұмысқа аса жауапкершілікпен қарағандары аса маңызды. Ортақ жұмысымызды абыройлы атқаратын болсақ, Үкіметтің қолдауы соғұрлым мол болады. Алдағы уақытта осындай кездесулерді жиі өткізетін боламыз, – деді Самат Ескендіров.

Суретті түсірген Виталий ВЛАСЕНКО.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp