13-22 шілде аралығында облыс аумағында “Учаскедегі қабылдау” акциясы жүргізілуде. Ішкі істер органдарының басшылары барлық учаскелік пункттерге шығып, азаматтарды қабылдауда.
Аталмыш шараның мақсаты – заңгерлік көмек көрсету, тұрғындардан әкімшілік аумақтағы құқық тәртібі жағдайы жайында ақпарат алу, ішкі істер органдарына деген сенім деңгейін арттыру, қызметтегі мөлдірлікті қамтамасыз ету болып табылады. Азаматтардан ведомстволар мен мемлекеттік органдар құзыретіне байланысты түскен мәселелер тиісті орындарға жіберіледі. СҚО ІІД бастығының орынбасары Серік Ыдырысов акцияның алғашқы күнінде облыс орталығындағы полицияның төрт аймақтық пунктіне бас сұқты.
Алғашқы күні облыс орталығындағы Е. Букетов көшесінің тұрғынынан шағым келіп түсті. Әйел адамның айтуынша, “Еуразия” дүкеніне келгендер автокөліктерін тұрғын үйдің ауласына қойып, соның салдарынан подъезден шығу мүмкін емес. Әрі бұл балалардың жүріп-тұруына кедергі. ІІД басшылығы бұл мәселені бақылауға алып, алдын алу шараларын өткізу мақсатында жуық арада аталған мекенжайға жол полициясы патрулін жіберетін болды.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.