«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАСТАН ДӘРУІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еріксіз ел-жұртымды елеңдетіп,
Өлкеде барады өтіп өлеңдетіп.
“Басынан Қаратаудың көш келеді”…
Қайғысын қалың елдің тереңдетіп.

Сарыны ескіргендей басқа өлеңнің
Дабылы естілгендей босқан елдің.
Жанары ашылғандай зағиптардың,
Құлағы ашылғандай таскереңнің.

Тұрғанда сұрғылт дүние сұрын бермей,
Түндігі қара аспанның түрілгендей.
Орыны оталғанның қайта көктеп,
Баяғы батырларым тірілгендей.

Боз дала қайта гүлдеп боянғандай,
Бұрқанған кеудедегі ой-армандай
Үнінен “Елім-ай!” – деп ескен әннің
Ел-жұртым ұйқысынан оянғандай.

“Басынан Қаратаудың көш келеді”…
Деген ән салмас дейсің еске нені?!
Жетісудан бір жылы леп есіп,
Сарыарқадан бір самал ескен еді.
Болғанмен бүгін – бейқұт, ертең – үміт,
Шартараптан шемендей шер төгіліп.
Басынан Қаратаудың құлап ағып,
Бір көшкін келе жатыр төңкеріліп.

Мұң тұнып домбыраның шертісіне,
Кіргендей дүйім жұрттың дерт ішіне.
Көз жасы қаралы елдің өзен болып,
Айналды Есіліме, Ертісіме.

Әлде де бір Алладан бұйрық бардай.
Әлде де оза шабар жүйрік бардай.
Батырлар “Елім-айды” естіген соң,
Найза ұстап, қылыш ұстап, ширыққандай.

Көгінен аққу ұшып, қыран қалқып.
Әкелер кейде елге бір ән бақыт.
Еріксіз “Елім-айды” естіген ел
Қайтадан атқа қонды ұрандатып.

Жұбатар тарыққанды, зарыққанды,
Қашанда ән ғұмырлы, халық – мәңгі.
“Елім-ай!” – жан дәруі, ел қаруы,
Елімді алапаттан алып қалды!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp