«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ “БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ” КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

I. Жалпы ереже

1. Осы ереже мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында республикалық конкурстың іріктеу турын ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.

2. Негізгі мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану.

3. Міндеттері:

3.1. Жас дарындарды анықтау, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін қолдау, олардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру.

3.2. Шығармашылық қабілетін іске асыруға, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың бойында креативтілікті дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық байланысты қалыптастыруға жағдай жасау.

3.3. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың әлеуеті туралы қоғамды ақпараттандыру және қоғамның мүгедектер проблемаларына оң қарым-қатынасын қалыптастыру.

3.4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі таныту құралы ретінде жасампаздық-шығармашылық қызметіне қоғамдық назарды аудару, олардың дарындылығы мен қабілетін қоғамдық тану.

3.5. Қоғамға мүгедектерді тиімді кіріктіру бойынша әлеуметтік бағдарланған ұйымдардың тәжірибесін қолдану. Қамқоршылық пен қайырымдылықты ынталандыру.

II. Конкурсты ұйымдастыру комитеті

4. Конкурсты дайындау және өткізу кезеңінде ұйымдастыру және шығармашылық қызметті үйлестіру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

5. Ұйымдастыру комитеті барлық конкурстық рәсімдер толықтай аяқталғанға дейін жұмысын жалғастырады.

6. Ұйымдастыру комитеті конкурс номинацияларын, конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімдерін, орны мен тәртібін, әр номинацияларды өткізу жөніндегі жауаптыларды бекітеді, іріктеу турын дайындау мен өткізуді, оны ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

7. Ұйымдастыру комитетінің бастамашылығымен конкурс туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге құқығы бар, сондай-ақ форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда іс-шараны тоқтату туралы құрылтайшыға ұсыныс енгізеді.

IІІ. Конкурсты өткізу тәртібі

8. Конкурс а. ж. мамыр және қыркүйек айлары аралығында өтеді (кестеге сәйкес).

9. Үміткерлер конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдерді осы ереженің 3-қосымшасына және 2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысында мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында “Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз” конкурсының іріктеу турын өткізу кестесіне сәйкес номинацияны ұйымдастырушыларға тапсырады.

10. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

10.1. “Үздік әлеуметтік жоба” номинациясы.

Номинацияға 18 жастан 45 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүліктің жалғыз иесі мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері болып табылатын жастардың қоғамдық бірлестіктері, мүгедектердің қоғамдық ұйымдары қатысады.

Номинацияға үміткерлер мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді орта құруда жоғары әлеуметтік тиімді, мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесетін және мүгедектердің проблемаларына жұртшылықтың қарым-қатынасын өзгертуге оң әсер ететін әзірленген және іске асырылған жобаларды (бағдарламалар, бизнес-жобалар, идеялар және т.б.) ұсынуы қажет. Аталған номинацияға қатысуға өңірлік әлеуметтік маңызды жобалардың авторлары да жіберіледі.

Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінім;

2) енгізудің орындылығы негізделген; іске асыру нәтижесі сипатталған (БАҚ-тағы мақалалар, жобаның іске асырылу барысы туралы DVD жазбалары (құпталады)) жобаны іске асыру туралы пікір білдірілген жобаны (немесе оның көшірмесі) ұсынады. Жаңа жоба ұсынған жағдайда оны өткізу қажеттігі бойынша негіздеме, жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже қоса беріледі.

Номинацияны ұйымдастырушылар жобаларды таныстыру түрінде іріктейді, оның авторлары конкурсқа қатысу үшін шақырылады.

Номинанттарды іріктеу мынадай:

1) жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

2) жобаның уәжді негіздемесі;

3) жобаны тәжірибелік іске асырудан оң нәтижелердің, жоба шеңберінде өмірлік қиын жағдайда жүрген халықтың әлеуметтік көмекпен және қолдаумен қамтылуы;

4) жобаны таныстырудың сапасы деген санаттар бойынша жүргізіледі.

Жоба “Үздік авторлық жоба”, “Үздік әлеуметтік жоба”, “Үздік бизнес-жоба” номинациялары бойынша қарастырылады.

Іріктеу балл шәкілі бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен баға.

10.2. “Үздік спортшы” номинациясы.

Номинацияға жасына шектеу қойылмай мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатарынан спортшылар, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес және сурдолимпиадалық спорт түрлеріне қатысушылар қатысады.

Номинацияға үміткерлерді іріктеуді номинацияны ұйымдастырушылар 2012-2013 жылдары республикалық және халықаралық сайыстардың қорытындылары бойынша жүзеге асырады.

“Жеңіске жігер танытқаны үшін” номинациясы.

Номинацияға жасына шектеу қойылмай зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі спортшылар қатысады.

Номинацияға үміткерлерді іріктеуді номинацияны ұйымдастырушылар 2012-2013 жылдары республикалық және халықаралық сайыстардың қорытындылары бойынша жүзеге асырады.

10.3. “Кәсібінің үздігі” номинациясы.

Номинацияға 18 жастан 45 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі, еңбек қызметінде жетістіктері, жұмыста кәсіби шеберлігі мен біліктілігі үшін бірнеше рет жұмыс беруші тарапынан марапатталған, ұжым өмірінде белсенді орын алатын жұмыскерлер қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады.

Қатысушыларды іріктеу мынадай өлшемшарттар:

1) кәсіби шеберлік пен біліктілік;

2) жағымды пікірлердің, мінездеменің болуы;

3) Алғыс хаттардың, дипломдардың болуы;

4) наградалардың, медальдардың болуы;

5) лицензиялық жұмыстардың, жобалардың, табысты іске асырылған идеялардың болуы және т.б. бойынша өткізеді.

Номинацияны ұйымдастырушылар үміткерлерді іріктейді және конкурсқа қатысу үшін шақырады.

Іріктеу балл шәкілі бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен баға.

10.4. “Ақылдылар” номинациясы.

Номинацияға даму мүмкіндіктері шектеулі мектеп жасындағы адамдар, мектеп олимпиадаларына, турнирлерге, интеллектуалдық конкурстарға қатысушылар, аудандардың, облыстардың, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады.

Номинацияны ұйымдастырушылар үміткерлерді іріктейді және интеллектуалдық сайысқа қатысу үшін шақырады.

Үміткерлер өткізілген сайыстың қорытындысы бойынша анықталады.

10.5. “Үздік студент” номинациясы.

Номинацияға арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқитын, үлгерімі үздік (жақсы), оқуда жетістіктерге жеткен, студенттік өмірге белсене араласатын, студенттік қозғалыстарға, конкурстарға, турнирлерге және т.б. қатысатын мүмкіндіктері шектеулі студенттер қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады.

Номинацияны ұйымдастырушылар үміткерлерді іріктейді және конкурсқа қатысу үшін шақырады.

Номинанттарды іріктеу қорытындысы кезеңдерден тұратын студенттік турнирлер түрінде өткізіледі:

1) “Таныстыру (визитка)” конкурсы;

2) “Үздік әлеуметтік идея” конкурсы (әлеуметтік бағыттылығы және өңірде оны іске асыруға болатын идея қажет);

3) “Үй тапсырмасы” конкурсы.

Іріктеу балл шәкілі бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен баға.

Үміткерлер өткізілген сайыстың қорытындысы бойынша анықталады.

10. 6. “Үздік жасампаз” номинациясы.

Номинацияға даму мүмкіндіктері шектеулі бейнелеу өнерімен және декоративтік-қолданбалы шығармашылықпен айналысатын адамдар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінімді толтырады.

Қатысушыларды іріктеу мынадай өлшемшарттар:

1) жеке шығармашылық, шеберлік;

2) бейнелеу өнерінде және декоративтік-қолданбалы шығармашылықта тәжірибесі;

3) жұмыс техникасы;

4) жұмысында шығармашылықтың заманауи тәсілдері мен жолдарын қолдану бойынша өткізіледі.

Номинацияны ұйымдастырушылар үміткерлерді іріктейді және конкурсқа қатысу үшін шақырады. Үміткерлерді соңғы іріктеу бұйымдар, қолмен жасаған заттар және суреттер бойынша көрме ұйымдастыру арқылы конкурс түрінде өткізіледі.

Іріктеу балл шәкілі бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен баға.

10.7. “Ең тату отбасы” номинациясы.

Номинацияға мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар қатысады. Отбасылардың конкурсқа қатысуының негізгі шарты (әлеуметтік қызметтер ұйымдастырған үйірмелерде, секцияларда, дәрістерде, конкурста және т.б. қатысқан) баланың әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады.

Ұйымдастыру комитеті отбасыларды іріктеп, конкурсқа қатысу үшін шақырады.

Номинанттарды іріктеу қорытындысы кезеңдерден тұратын конкурс түрінде өткізіледі:

1) “Таныстыру (визитка)” конкурсы;

2) “Қатар жүріп келеміз, болашаққа сенеміз” конкурсы (бала тәрбиесінде өз отбасының жетістіктері туралы айту қажет. Сонымен қатар, бірінші сөйлем “Қатар жүріп келеміз, бола-шаққа сенеміз” деп басталуы қажет);

3) “Үй тапсырмасы” конкурсы.

Номинацияны ұйымдастырушылар үміткерлерді іріктейді және сайысқа қатысу үшін шақырады. Үміткерлер өткізілген сайыстың қорытындысы бойынша анықталады.

Іріктеу балл шәкілі бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен баға.

10.8. “Алтын қауырсын” номинациясы.

Номинацияға даму мүмкіндіктері шектеулі әдеби шығармашылықпен айналысатын, өз жарияланымдары, басылымдары бар адамдар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио;

3) берілген тақырып бойынша жазу жұмысы.

Номинацияны ұйымдастырушылар жазба жұмыстары тақырыптарының тізімін бекітеді және үміткерлерді іріктейді.

Номинант жазу жұмысының бағасы бойынша анықталынады.

Іріктеу балл шәкілі бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен баға.

10.9. “Үздік би” номинациясы.

Номинацияға өз әлеуетін би жанрында іске асыратын даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысады. Қатысушы адамдардың саны 10-нан аспауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) конкурста орындайтын бидің DVD жазбасы.

Номинацияны ұйымдастырушылар үміткерлерді іріктейді, олар конкурсқа қатысу үшін шақырылады.

Үміткерлерді соңғы іріктеу конкурс түрінде өтеді, оның қорытындысы бойынша номинант анықталады.

10.10. “Үздік орындаушы” номинациясы.

Номинацияға өз әлеуетін вокалды-аспаптық жанрда, ымдау тілінде ән салуда іске асыратын даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) конкурста орындайтын әннің DVD жазбасы.

Номинацияны ұйымдастырушылар үміткерлерді іріктейді, олар шығармашылық конкурсқа қатысу үшін шақырылады.

Үміткерлерді соңғы іріктеу конкурс түрінде өтеді, оның қорытындысы бойынша номинант анықталады.

ІV. Конкурсты өткізу шарттары

11. Іріктеу турларына қатысушылар дамуында мүмкіндіктері шектеулі 6 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар болуы мүмкін, тек “Үздік әлеуметтік жоба” және “Үздік маман” номинацияларынан басқа, онда 18 жастан 45 жасқа дейінгі адамдар қатысуға жіберіледі. Қатысушының конкурсқа қатысу үшін өтінім берген кездегі жасы есепке алынады.

Әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды іріктеу бойынша 6-14 жастағы, 14-29 жастағы, 29-45 жастағы топтар бойынша жүзеге асырылады.

12. Ақтық турға қатысушылар іріктеу турлары номинацияларының жеңімпаздары болып табылады.

13. Іріктеу турына қатысуға өтінім белгіленген нысанға сәйкес іріктеу турын өткізу басталғандығы туралы хабарландырылған сәттен бастап ұсынылады.

14. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер өтінімге қоса қатысуға талап етілетін құжаттарды (таңдалған номинацияға сәйкес) береді.

15. Құжаттар номинациялар бойынша жауапты орындаушылардың электрондық немесе пошталық мекенжайға жіберілуі мүмкін немесе қолма-қол ұсынылады. Конкурсты өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің жұмыс органы “Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы” болып табылады. Құжаттар толық жиынтықта болған және оларды беру мерзімі сақталған жағдайда қарауға қабылданады.

16. Іріктеу турына шақыру – хабарлама алған адам конкурсқа қатысушы болып танылады.

17. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар номинацияларды ұйымдастырушыларға жүгінгеніне қарай оны өткізгеннен кейін қатысушыларға қайтарылады.

V. Конкурсқа қатысушыларды іріктеудің өлшемшарттары

18. Әрбір номинация бойынша арнайы іріктеу өлшемшарттарын осы ережеде номинацияларға қойылған талаптарды ескере отырып, номинацияны ұйымдастырушылар айқындайды.

19. Барлық номинациялар үшін ортақ өлшемшарттар: жаңалық, сапалық, шығармашылық даралық, сонылық, заманауилық, шеберлік, номинация тақырыбына сәйкестік, кәсібилік, техника, идеяны аша білу.

VI. Конкурсқа қатысушыларды марапаттау

20. Конкурс номинациялардың жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізетін ақтық турдың қатысушылары болып табылады.

21. Конкурс номинациялардың жеңімпаздары ұйымдастыру комитеті мүшелердің және демеушілердің арнайы жүлделерімен марапатталуы мүмкін.

VII. Конкурсты қаржыландыру

22. Конкурсты өткізу жөніндегі шығыстарын төлеу номинацияларды ұйымдастырушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

23. Конкурсты басқа да қаржы көздерінен қаржыландыруға жол беріледі.

24. Конкурсты өткізуге осы мақсаттар мен міндеттерді қолдайтын, оны қаржыландыруға, ұйымдастыруға және өткізуге қатысушылар, демеушілер, серіктестер, меценаттар, жеке азаматтар мен ұйымдар (бұдан әрі – демеушілер) жұмылдырылады.

25. Демеушілер мен ұйымдастырушылардың өзара қарым-қатынас мәселелері жасалған шарттар (келісімдер) шеңберінде шешіледі.

26. Конкурсқа қатысу тегін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp