«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Самат Ескендіровтің өкімімен Шолпан Таңатқызы Каринова Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ш. Каринова Көкшетау педагогикалық институтын қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 1988 жылы орта мектептің пионер вожатыйы болып бастаған. Облыс мектептерінде орыс тілі және әдебиеті, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып еңбек етті. 2003 жылдан бастап Тайынша аудандық білім бөлімінің әдіскері болып істеді, оқу ісі жөніндегі бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды. 2004-2005 жылдары – №5 Тайынша орта мектебінің директоры. 2005 жылдан – Тайынша аудандық білім бөлімінің бастығы. 2008 жылы Тайынша ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы болып тағайындалған. 2009-2012 жылдары облыстық Білім басқармасы бастығының орынбасары болып істеген.
Осы тағайындауға дейін Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp