13 шілдеде Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті “Богви” ЖШС директоры Виктор Богданецке қатысты 2012 жылы “Богви” ЖШС-нің астық қабылдау кәсіпорындарында сақтауда жатқан “Казахстанская зерновая компания” ЖШС-не тиесілі жалпы сомасы 710 млн. теңгені құрайтын 18,5 мың тонна мөлшеріндегі бидайды талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бұдан басқа, 15 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті “Управляющая компания Богви” ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Олар 2012 жылдың басында егістік алқабы бар екендігі туралы жалған мәлімет беру арқылы “Азық-түлік корпорациясы” Ұлттық компаниясы” АҚ Солтүстік Қазақстан өкілдігінен “Киевское-Север” ЖШС-де көктемгі егіс жұмыстарын және күзгі орақты жүргізу үшін 115 млн. теңге мөлшеріндегі қайтарылмайтын бюджеттік несие алған деген күдік бар.
СҚО Қаржы полициясының баспасөз қызметі.