«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫППҰЛ ТӨЛЕМЕЙ ЖҮРГЕН көлік иелері анықталуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
2013 жылдың басынан СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаменті СҚО ІІД Жол полициясы басқармасы ортақ бұйрықтың негізінде облыс орталығының автокөліктер көптеп шоғырланған аумақтарда рейд жүргізуде. Полицейлер мен сот орындаушыларының назарына “Рахмет”, “Тайга” сауда үйлері, базар маңы, сондай-ақ қаланың кіреберісіндегі Бескөл ауылы мен Мамлютка қаласы жағынан келетін көліктер ілінуде. Жарты жылда барлығы 104 рейд жүргізіліп, 3022 автокөлік иесі тексерілді.
Жыл басынан бері СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаментінде 936,8 млн. теңге сомаға әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөнінде 53 504 құжат тіркелді. Соның 23 922-сіне байланысты іс жүргізіліп, аяқталды. Жол полициясынан 83,7 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл өндіру туралы 18 мыңнан астам құжат түсті. 9550-і бойынша іс тамамдалды.
СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp