«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

78 ЖАСЫНДА 21 ШАҚЫРЫМДЫ АРТТА ҚАЛДЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ресейдегі Свердлов облысында “Конжак” халықаралық тау марафоны өтіп, оған қатысқан жерлесіміз Софья Султанова таулы-тасты жерде 21 шақырымды бағындырды.

18-ші рет өткізілген дәстүрлі марафон қауіп-қатерге толы болғанымен, қатысушылардың қарасы қалың болған. Марафонда Швеция, Украина, Франция, Беларусь сияқты елдерден келген 2 мыңға жуық спортшы үздік атануға тырысқан.

Жарыс талабын орындау жерлесімізге оңай болған жоқ. Ең алдымен 17 шақырымды бағындырып, одан әрі 4 шақырымын жалғастырып, таудан қайтадан жүгіріп түсу керек. Бұл сынға төтеп беріп, межеге жеткен Софья Султанова қашықтықты толығымен жүгіріп өтті.

Қиын қашықтықты 10 сағаттың ішінде жүгіріп өткен 78 жастағы спортшы “Батылдығы үшін” аталымы бойынша сыйлыққа ие болып, дипломмен марапатталды.

Жүгірумен 10 жыл айналысып жүрген зейнеткер бүгінге дейін 32 марафонға қатысып, үздіктердің қатарынан көрінген. Аталмыш сайыс түріне 2005 жылдан бері қатысып келген Софья Султанова – халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

медаль үшін күрескендерімен, қарсыластарынан жеңіліс тапты.

Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp