«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР АУДАННЫҢ 25 ЭТНОБІРЛЕСТІГІ БАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұма күні Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталығында “Салт-дәстүр” фестивалі өтті. Оның барысында өңіріміздегі этнобірлестіктердің жұмысы сараланған семинар да ұйымдастырылды. 

Тоқтар ҒАЛЫМ,

журналист.

“Салт-дәстүр” фестивалін тамашалауға барған қонақтар әуелі аудан орталығының мақтанышы – “Астана” саябағы мен “Жастар” стадионында және салынып жатқан “Юра дәуірі” саябағында болды. Соңғысы 27 шілде күні салтанатты түрде ашылмақ. Экскурсиядан кейін “Нұр Отан” ХДП-ның аудандық филиалының ғимаратында “дөңгелек үстел” өтті. Оның барысында еліміздің дамуына этнобірлестіктердің қосып отырған үлесі жайлы айтылып, тұрғындармен жұмыс жүргізу үшін қоғамдық келісім кеңесін құру қажет деген ұсыныс жасалды. Себебі, өңір жетекшісі Самат Ескендіров Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ХVIII сессиясында жергілікті жердегі этнобірлестіктердің жұмысын жандандыруға қатысты тапсырмалар берген болатын. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық нысандарды жөндеу мен салуға бағытталған қоғамдық жауапкершілік акциясы басталды.  

Осы күні жыл сайын ұйымдастырылатын “Салт-дәстүр” аудандық фестивалінде жергілікті 25 этнобірлестік өз өнерлерін көрсетті. Бүгінде олардың 17-сінің жанында жастар қанаты құрылған. Қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеп, этносаралық татулықты нығайту бағытында жұмыс істеп жатқан этнобірлестіктердің еңбегін жоғары бағалаған аудан әкімі Марат Тасмағамбетов оларға сыйақылар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Аталмыш шара қазақ күресі, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт ойындарымен жалғасты. Сондай-ақ аталмыш шараға қатысушылар ашық аспан астындағы мұражайдағы кітап, фото, ұлттық аспаптар мен тағамдар көрмесін тамашалады.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp