«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗА БАСҚАН ЖАСӨСПІРІМ түзу жолға түссін деп…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына қандай тәрбие сіңіретінімізге тікелей байланысты. Біздің топырағымызда туған кез келген сәбиді – қазақстандық және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс. 

Жұлдыз ОСПАНОВА,  

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі.

Қазақстан Конституциясының 27-бабына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi деп белгіленген. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауына құқығы бар. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады.

Бала құқығын қамтамасыз ету қазіргі заманның ауқымды проблемасына жатады, оның шешіміне барлық дүниежүзілік қауымдастық мүдделі. Жасөспірімдер мәселесі көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі таңда кәмелетке толмағандарға ерекше көңіл бөлу керек, ел жастарын оң бағытта тәрбиелеу, толыққанды республика азаматын қалыптастыру мақсатында оларға жан-жақты жағдай жасау қажет. Қазақстанда балалар мен жасөспiрiмдер құқық бұзушылықтарының алдын алу жөнiндегi қызметке көзқарас түбегейлi өзгердi: өскелең ұрпақты дамыту үшiн жағдай жасалды, балалардың құқықтарын қорғау, олардың қадағалаусыз қалуының және құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйесi жұмыс iстейдi. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттардың құрылуы – Қазақстандағы ювеналды әділеттің дамуының басты қадамы. “Ювеналды әділет” (латын сөзінен “ювеналий” – жастық) термині кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотпен байланысты әділет деген ұғымды білдіреді. Ювеналды соттың міндеті – балалар құқығын қорғау және балалар жасайтын қылмыстың алдын алу, ең бастысы кәмелет жасына толмағандарды жазалау емес, керісінше тәрбиелеу қағидасын ұстану, жасөспірімнің дұрыс жолға түсуіне ықпал жасау, оларға бағыт-бағдар беру. Ювеналды әділеттің мәні мен рөлі – құқық бұзушы жас жеткіншекті қоғамға қайтару болып табылады.  

Елімізде толық емес отбасылар көп, жетім балалар саны да көбеюде, ата-аналардың балаларға жауапсыз көзқарас танытқан оқиғалар да азаяр емес. Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені, оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. Бала тәрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті. Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Баланы білім мен еңбекке дайындау – ата-ананың борышы. “Бар жақсылық – балаларға!” ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет.

Елбасы өзінің былтырғы Жолдауында жастарға мына сөздерді арнаған: “…жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз – ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз бен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы. Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер”.

Әрбір қазақстандық елінің жарқын болашағына толық сенімді болу керек, ол үшін еңбек етіп, өз үлесін қосуға тырысып, ең алдымен, өз елін сүйетін, мақтан тұтатын патриот болу қажет. Осыны жас буынға жеткізіп, патриоттық сезімді тәрбиелеп, өз жерін қадірлеуге, қорғауға үйрету міндетті. Сонда ғана, Елбасы айтқандай: “Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс”. “Қазақстан – 2050” Стратегиясын жүзеге асыруда жас ұрпақ негізгі күш болып табылады. Балалар болашағы – Қазақстан болашағы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp