«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы 1 маусымға облыс тұрғындарының саны 578,4 мың адамды құрады, соның ішінде 240,3 мың адам (41,5%) – қалалық, 338,1 мың адам (58,5%) – ауылдық тұрғындар. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы тұрғындарының 3,4%-ы тұрады.

2013 жылғы қаңтар-мамырда жаңа туған 3397 сәби тіркеліп, өткен жылғы сәйкес кезеңнен 3,9%-ға кем болды, 3311 шетінеу (2,9%-ға кем), 1375 некелесу, 788 ажырасу тіркелді.

2013 жылғы қаңтар-маусымда бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 7,1%-ға өсіп, 71216 теңгені құрады, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 9%-ға және 73517 теңге сәйкесінше. Нақты жалақы сәйкесінше 0,5% және 2,2%-ға өсті. Нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылғы қаңтар-маусымда 471,9 АҚШ долларын немесе 359,3 еуроны құрады.

Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы жұмыскерлердің жалақысы 2013 жылғы қаңтар-маусымда 2012 жылғы қаңтар-маусымдағыға қарағанда 13,8%-ға, өнеркәсіпте – 17,2%-ға, құрылыста – 10,8%-ға, көлік және қоймалауда – 8,8%-ға, ақпарат және байланыста – 11,8%-ға өсті.

Өнеркәсіпте жалақы 70188 теңгені құрады, құрылыста – 67410 теңге, саудада – 57695 теңге, көлік және қоймалауда – 101561 теңге.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2013 жылғы маусым айының соңында 1466 адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі – 0,4%. 2013 жылы қаңтар-маусымда 5795 адам еңбекпен қамтылды, бұл – өтініш білдіргендердің 96,2%-ы.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы маусымда 16606 теңгені құрады және өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,6%-ға өсті. Азық-түлік қоржынының құны 9963 теңгені құрады.

Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102%-ды құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына 1,6%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 1,1%-ға, ақылы қызметтерге 3,4%-ға өсті.

2013 жылғы маусымда бағалардың алкогольді ішімдіктерге – 1,7%-ға, алкогольсіз сусындарға – 1%-ға, кондитер өнімдеріне – 0,6%-ға, балық және теңіз өнімдеріне, май және тоң майға – 0,1%-ға көтерілгені байқалған. Жұмыртқа 9,3%-ға, жармалар – 3,1%-ға, нан және жарма өнімдері – 0,6%-ға, жас жеміс және көкөністер 0,2%-ға арзандады.

Спорт, туризм және демалыс жабдықтарына бағалар 1,1%-ға көтерілді, шыныдан жасалған бұйымдарға, асхана құралдарына – 0,5%-ға, үй тұрмысына қажетті заттарға, киім және аяқкиімге 0,1%-ға өсті.

Қаржылық және сақтандыру қызметтерінде бағалар деңгейі 2,1%-ға, тұрғын үйді жалға беру – 1,2%-ға, көлік қызметтеріне 0,3%-ға көтерілді.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp