Маусымда біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 16606 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 9963 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 6643 теңге болды.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы тұрғындардың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 12986 теңге, жасөспірімдер үшін – 14 –17 жасқа дейінгі (ер балалар) – 21019 теңге және (қыздар) – 16102 теңге, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы халық үшін – ер адамдар – 19858 теңге және әйелдер – 15772 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 15567 теңге.
Аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы – 16885 теңге, Петропавл қаласы бойынша – 16087 теңге болды.
Облыстық Статистика департаменті.