«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВЕЛОШАБАНДОЗ АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО “ҚР еңбек сіңірген спорт шебері” төсбелгісіне ие болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Самат Ескендіров солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценкомен кездесті. 

Былтыр жерлесіміз Голландияның Лимбург қаласында андерлер (23 жасқа дейінгілер) арасында өткен топтық жарыста Әлем чемпионы атанған. Қазір Алексей биылғы жылдың қыркүйегінде Италияда өтетін велоспорттан Әлем чемпионатына дайындалу үстінде.
Өңір басшысы спортшыға алда тұрған жарыстарда өзін лайықты көрсетуді тілей отыра, оған “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері” төсбелгісін табыс етті. Самат Ескендіров Алексей Луценконың аталмыш наградаға ие болған төртінші солтүстікқазақстандық екендігін атап өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген
Виталий ВЛАСЕНКО. 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp