Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, баратын жеріміз – аурухана. Көмек беретіндер – дәрігерлер. Сондықтан да науқастар алғыстарын осы мамандық иелеріне жаудырады. Ал ол науқастың еміне шипа табуына дәрігерден басқа да медициналық қызметкерлердің барын кей кездері ескермей жатамыз. Солардың бірі – зертханашылар.
Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Ауруханаларда күн-түн демей үздіксіз еңбектенетін де осы қызметкерлер. Әсіресе, таңертең науқастардың “сылдыр шүмек” деп аталатын саусағынан қан алатын да осылар. Олардың негізгі жұмысы – қан құрамының толық сараптамасын жасау. Зертханашылар жасаған анықтама арқылы дәрігерлер науқасқа дұрыс ем қолданып, сырқатынан толық емделуге септеседі. Саналы өмірін осы іске арнаған білікті дәрігер-зертханашының бірі облыстық кардиологиялық орталықта қызмет етеді.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.