«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КОРОЛЬДІК” КЕЗЕҢНІҢ ҮЗДІГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

“Астана – 2” құрлықтық командасының құрамындағы үш петропавлдық Қытай елінде өткен халықаралық жарысқа қатысты.

Аталмыш команданың құрамындағы 7 спортшының 3-еуі солтүстікқазақстандық: Александр Шушемоин, Тілеген Майдос және Евгений Непомнящий.

Жоғары санаттағы сайыс таулы аймақта өтіп, 13 кезеңнен құралды. Бәсекелі доданың “Корольдік” деп аталатын ең күрделі кезеңде жерлесіміз Евгений Непомнящий жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл кезең 2400 метр биіктікте басталып, 4100 метр биіктікте аяқталды.

Жалпыкомандалық есепке тоқталар болсақ, “Астана – 2” құрамасы екінші орынға тұрақтады. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша Евгений Непомнящий екінші болды.

Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp