2013 жылғы І жартыжылдықта ауылдық елді мекендердегі жүзеге асырылған инвестицияның үлес салмағы облыс бойынша жалпы инвестиция көлемінің 68%-ын құрады.
2013 жылғы қаңтар-маусымда ауылдық елді мекендердегі негізгі құралдарға салынған инвестиция 21 155,2 млн. теңгені құрап, ол 2012 жылғы деңгейге 132,3% болды. Ауылдық елді мекендердегі инвестицияның барынша көп көлемін жекеменшік кәсіпорындар жүзеге асырды, оларға облыс бойынша көлемнің 91%-ы келеді, мемлекеттік кәсіпорындардікі – 9%.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің және тұрғындардың өз қаражаты ауылдық елді мекендерде, сондай-ақ тұтастай облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияны қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады, оларға – 81%, бюджеттікке – 8%, қарыздық қаражатқа 11% келеді.
Инвестициялық салымдардың 81%-ы – машиналар және жабдықтар сатып алуға, 16%-ы ғимараттар мен құрылғылар салу және күрделі жөндеуге жұмсалды.
Ауылдық елді мекендерде негізгі капиталға инвестиция игеру жөнінде ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы саласы басымдық танытты (жалпы көлемнің 80%-ы).
Облыстық Статистика департаменті.