«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАРДЫ БАУЛЫҒАН БАЙҚАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің қызметкерлері “Лесная поляна” лагерінде ойын-жарыс байқауын өткізді.

Марал ЖОЛМҰҚАНОВ,

Жамбыл аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің инженері.

Байқаудың сценарийі күні бұрын әзірленіп, әр жастағы балалар іріктеліп, әрқайсысы 5 адамнан тұратын 4 команда құрылды. 

Байқау командалардың өздерін таныстыруынан басталды. Одан соң викторина барысында команданың әрбір қатысушысына өртке қарсы тақырыпта сұрақтар қойылды. Байқаудың ІІІ кезеңінде командалар мен көрермендер өртке қарсы тақырыптарға, азаматтық қорғаныс дабылдары, төтенше жағдай түрлері туралы сауалдарға жауап берді. Көрермендердің жауаптары 1 ұпай болып бағаланды, ол ұпай жауап берген адам қай команданың жанкүйері болуына байланысты, сол команданың есебіне саналды.

 

Байқаудың ІV кезеңі су тасқыны туралы шағын қойылым, одан жүзіп өту сыны болды. Келесі кезеңде қатысушылар белгілі бір уақыт ішінде өрт сөндірушінің әскери киімін киіп, құралдарын асынып үлгеруден сынға түсті. Соңғы кезеңде балалар арасында эстафета жарысы ұйымдастырылды.

Байқау жеңімпаздары да анықталды. Жеңімпаз командалардың капитандары 1, 2, 3-дәрежелі дипломдармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар, мадақтау қағаздары берілді. Белсенді жанкүйерлер де сыйлықтан құр қалмады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp