«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕРЕШЕГІН ӨТЕМЕГЕН 28 азамат әкімшілік тұтқынға алынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департамент бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысын шығарды. Осыған орай департамент қызметкерлерінің қатысуымен кеңес болып өтті. 

6 айда департамент қарауына сомасы 44,4 млрд. теңгенің 39 649 құжаты келіп түскен. Аталмыш кезеңде 32 004 құжат бойынша іс жүргізу аяқталды. Бүгінде департамент құрамында 85 сот орындаушысы қызмет етеді, әрбір сот орындаушысына бір айда 147 атқарушылық құжаттан келеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 20 құжатқа көбейген.

Сот орындаушыларының жұмысының көрсеткішінің бірі борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапқа тарту болып табылады. 6 айда берешегі бар азаматтарды әкімшілік жауапқа тарту жөнінде сотқа 289 материал жөнелтілген. Соның 281-і қарастырылып, нәтижесінде 244 адам әкімшілік жауапқа тартылды. 216-сынан айыппұл өндірілді, 28 азамат әкімшілік тұтқынға алынды.  

СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp