«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ АДАМДЫ ЖҰТТЫ ЕСІЛ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері 24 солтүстікқазақстандық су құрбаны болды. Оның төртеуі – балалар. Облыстық ТЖД-нің сүңгуірші құтқарушылары жалпы 60 адамды құтқарса, оның 22-сі – бала. Қайғылы жағдайға көбінесе демалушылардың сақтық ережелерін сақтамаулары себеп болуда.

Соңғы күндері екі облыс тұрғыны суға батып кетті. Қайғылы оқиғалардың бірі Қызылжар ауданындағы Красная горка елді мекенінде тіркелді. Ауыл жанында ағып жатқан Есілде 40 жастағы ер адам су құрбаны болды. Ал осы өзеннің Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Пески ауылы тұсында 34 жастағы демалушының өмірі қиылды.
Өткен аптада құтқарушылар 5 адамды ажалдан арашалады. Мысалы, Былғары зауыты ауданындағы саяжайлар орналасқан Есіл жағалауынан 31 және 33 жастағы петропавлдықтар құтқарылса, бір-екі күннен соң Есілдің арғы жағасына жүзіп жетпек болып, су құрбаны бола жаздаған 25 жастағы азамат өлім аузынан аман қалды.
Құтқарушы мамандар терең және ағысы қатты жерлерде суға түспеуді, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp