«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕРТХАНАШЫ РАУШАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, баратын жеріміз – аурухана. Көмек беретіндер – дәрігерлер. Сондықтан да науқастар алғыстарын осы мамандық иелеріне жаудырады. Ал ол науқастың еміне шипа табуына дәрігерден басқа да медициналық қызметкерлердің барын кей кездері ескермей жатамыз. Солардың бірі – зертханашылар.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Ауруханаларда күн-түн демей үздіксіз еңбектенетін де осы қызметкерлер. Әсіресе, таңертең науқастардың “сылдыр шүмек” деп аталатын саусағынан қан алатын да осылар. Олардың негізгі жұмысы – қан құрамының толық сараптамасын жасау. Зертханашылар жасаған анықтама арқылы дәрігерлер науқасқа дұрыс ем қолданып, сырқатынан толық емделуге септеседі. Саналы өмірін осы іске арнаған білікті дәрігер-зертханашының бірі облыстық кардиологиялық орталықта қызмет етеді.

Раушан Валеева өз ісіне бар ғұмырын арнаған. Семей қаласындағы медициналық жоғары оқу орнын аяқтап, балалар дәрігері болып қызмет етті. Дәрігерлік тәжірибесі бола тұра, зертханашы қызметін таңдаған. Әр күні қан талдамасын жасаумен өтетін қызметіне дән риза. Біліктілігін арттыру мақсатында шетелде білімін жетілдірген. Бүгіндері облыстық кардиологиялық орталыққа келіп түскен науқастардың қан талдамасын тәулік бойы жасап келеді. “Еңбегім көзге аса көрінбесе де, адамдарға көмектесе алатындығыма ризамын”, – дейді ол.  

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp