«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАР ТЕКСЕРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында “Маскүнемдік пен нашақорлық және оның залалы” атты акция өткізілді.
Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкерлері шара бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Акцияның мақсаты әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар арасында жасалатын қылмыс пен заң бұзушылықтың алдын алу болып табылды.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторлар нарколог мамандарымен бірлесе жүргізген рейд барысында әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларының жағдайларына көңіл бөлді. Мұндай рейдтерді полиция қызметкерлері жиі өткізіп тұрады.
Нәтижесінде 30 отбасы тексеріліп, 8 кәмелетке толмаған бала ішкі істер органдарының тіркеуіне алынды. 24 жасөспірім түнгі сағат 23-тен кейін жалғыз көшеге шыққаны үшін хаттама толтырды. Сондай-ақ 35 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp