«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2013 ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста 2013 жылдың бірінші жартысында орташа айлық еңбекақы 71 216 теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 7,1%-ға өсті.  

Жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысының көтерілгені экономикалық қызмет түрлерінің бәрінде байқалды.

Ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбекақы 13,8%-ға өсті. Өнеркәсіпте жұмыскерлердің еңбекақысы 17,2%-ға, құрылыста – 10,8%-ға, көлік және қоймалау – 8,8%-ға, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде 3,9%-ға өсті.

Еңбекақының ең жоғары мөлшері қаржылық және сақтандыру қызметтерінде (112 948 теңге), ақпарат және байланыста (108 308 теңге) атап өтіліп, орташа облыстық көрсеткіштен сәйкесінше 1,6 есе және 1,5 есе жоғары болды. Ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыскерлердің орташа айлық жалақысы 49 677 теңге, өнеркәсіпте – 70 188 теңге, құрылыста – 67 410 теңге. Еңбекақының ең төмен мөлшері өнер, ойын-сауық және демалыс қызметтерінде (49 127 теңге) атап өтіліп, орташа облыстық көрсеткіштен 31% төмен болды.

Орташа айлық еңбекақы, атаулы және нақты еңбекақы индекстері 

 

 

 

 

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp