Халыққа қызмет көрсету орталығының №1 бөлімінде 2013 жылғы мамыр айынан бастап Connеtction centre (өзіне-өзі қызмет көрсету секторы) жұмыс істейді. Бұл секторда Халыққа қызмет көрсету орталығының клиенттері өздері қандай болсын электрондық мемлекеттік қызметін ала алады, электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алуға өтініш бере алады, сонымен қатар “Электрондық үкімет” порталымен жұмыс істеу бойынша кеңес алып, үйрене алады.
Виталий СОСНОВСКИЙ,
“ХҚКО” РМК облыстық филиалы БАҚ жөніндегі менеджерінің м.а.
Connеtction centreнің ерекшелігі – қызметті қажет ететін азамат енжар клиент ретінде емес, мемлекеттік қызметтер порталының белсенді пайдаланушысы болып саналады.
Бүгінгі күні “Электрондық үкімет” порталында электрондық нысанда 195 қызмет көрсетіледі, сонымен қатар кейбіреулері тек портал арқылы ғана көрсетіледі. Мысалы, “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу” қызметі. Көптеген пайдаланушыларда электрондық қызметтерді алу барысында қиындықтар туындайды. Яғни, біреулерде компьютер, интернет жоқ, басқалары “Электрондық үкімет” порталын қалай пайдалануды білмейді. Бұл жағдайда азаматқа Connеtction centre-ге жүгіну жеткілікті және Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері оған “Электрондық үкімет” порталының қандай болсын мемлекеттік қызметін алуға көмектеседі: ол мекенжай анықтамасы, некені тіркеуге өтініш беруі немесе бизнесті онлайн тіркеу. Ол үшін клиентте жеке куәлігінде жазылған электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. ЭЦҚ болмаса, оны алу үшін өтінішті осы Connеtction centre-де беруге болады.