«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАҢДА – ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде жас футболшылар арасында бірінші рет ұйымдастырылған футбол бәсекесінде барлығы 18 команда бақтарын сынауда.

Бірінші лиганың дайындық тобына кәсіби клубтың жанындағы жас футболшылардың командалары кіреді. Республика бойынша олардың саны – 18. Петропавлда өтіп жатқан жарысқа солтүстік топтың жасөспірімдерінен жасақталған 3 команда келді.

Сайыстың алғашқы күні алаңда көкшетаулық “Оқжетпес” пен жергілікті “Қызылжар” клубтарының ойыншылары кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша жеңіске жеткен қонақтар кейін Астана құрамасымен ойнады. Турнир басталғалы бері 7 ұпайды еншілеген команда бір ойында жеңсе, біреуінде ұтылып, турнир кестесінде 2-орынға жайғасты.  

Әзірге турнирде елордалық “Бәйтерек” көш бастап тұр.

Шеңберлік жүйе бойынша өтіп жатқан турнир аяқталған соң 18 команда тамыз айында жүлделі орындар үшін таласатын болады.

Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp