«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕСІНШІ РЕТ ЖЕҢІМПАЗДАР АТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Павлодар қаласында дәстүрлі “Прииртышье – 2013” велокөпкүндік жарысы аяқталды. Бес күнге созылған тартысты сайыстың жалпыкомандалық есеп қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық саңлақтар бірінші сатыға көтерілді.  

Байрақты додаға 19 бен 23 жас аралығындағы велошабандоздар қатысқан болатын. Кілең мықтылар бақ таластырған сайыстың тоғыз кезеңінің қорытындысы бойынша жерлес спортшы Олег Земляков “Прииртышье – 2013” жеңімпазы атанса, Вадим Галеев екінші орынға табан тіреді.

Сонымен қатар Вадим Галеев басқа кезеңдерде де үш рет жеңіске жетсе, екі жеңіс Виктор Окишевтің еншісінде. 15 шақырымды құраған жекелей сында Олег Земляков (өзге кезеңдерде қатарынан екі мәрте үшінші болды) топ жарса, Тарас Воропаев командалық кезеңде мәре сызығын үшінші болып кесті.  

Жекелей есепте тағы бір жерлесіміз – Сергей Власенко сәтті өнер көрсетті. Сайыс барысында алтыншы орынға тұрақтаған Сергей спорт шебері нормативін орындады.

Соңғы бес жыл қатарынан велокөпкүндіктің жеңімпаздары атанып отырған жерлес спортшылар аталмыш сайысқа жылда қатысуды игі дәстүрге айналдырған.

Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp