«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРНЕШЕ КӨЛІКТІ ТОНАҒАН нашақор тұтқындалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны бірнеше автокөлікті тонады деген күдікпен қамауға алынды. Ол бұрын бірнеше рет істі болған, облыстық наркологиялық диспансерде тіркеуде тұр. Үйін тінту барысында заттай айғақтар табылып, автомагнитола, бейнерегистратор, ұялы телефон тәркіленді. Қамауға алынған петропавлдық төрт бірдей ұрлыққа қатысы барын мойындады. Күдікті көлік есіктерін қайшымен ашқан. Сондай-ақ есігі ашық тұрған көліктерді тонаған.
“Бұл жігіт көбіне ауылдан қалаға базарға келген адамдардың көліктерін тонаған. Есіктерінің ашық қалғанын байқап, салондағы құнды заттарды алып, оларды тез арада кездейсоқ адамдарға сатып келген. Ұры негізінен бусик, универсал сынды автокөліктерді көздеген. Себебі, көбіне оларға тауарлар артулы болады”, – дейді Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дулат Мұхаметрахымов.
Ер адам саудадан түскен ақшасын есірткіге жұмсаған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Тергеу амалдары жалғасуда.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp