Көкшетау қаласында гір спортынан ел біріншілігі өтіп, оған 10 команда, 90-нан астам спортшы қатысты.
Байрақты сайыста өңір намысын қорғаған 13 қызылжарлықтың ішінде Владислав Третьяков (73 кг.), Виталий Диденко (95 кг.), Елена Костенко (58 кг.) – 1-орын, Алексей Горобченко (78 кг.) – 2-орын, ал Александр Лузан (63 кг.), Наталья Нохрина (63 кг.) және Павел Керекеша (95 кг.) 3-орынды еншіледі.
Аталған спортшылар жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы Андрей Глывяктың қарамағында жаттығады.
Сондай-ақ спорт шебері Сергей Басов 68 кило салмақ дәрежесінде күміс медальді жеңіп алды.
Жалпыкомандалық есеп бойынша солтүстікқазақстандықтар топ жарды. Ал екінші, үшінші орындар Қостанай мен Павлодар облыстарының құрамаларына бұйырды.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.