«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒАН АЙҒАҒЫ ҮШІН ЖАЗАЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тұрғыны Г.Валиев ұрлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша жалған айғақ бергені үшін жауапқа тартылды. 

Ғани ЖАЛБИ,
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан прокурорының орынбасары.

Ол куәгер ретінде тартылған қылмыстық іс жыл басында тергелген болатын. Буденное ауылының үш тұрғыны серіктестікке тиесілі қой ұрлап, қолға түскен-ді. Алдын ала тергеуде, кейін де Валиев үш азаматтың ұрлаған қойларын өз автокөлігімен қалай тасымалдағанын айтып, жауап берген, сол сәтте өтірік айтып тұрғанын білдіртпей, жауабын сенімді етіп беруге тырысқан.
Сот қарауында куәгер жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде хабардар болғанына қарамастан, таныстарын қылмыстық жазадан құтқару мақсатында жауабын күрт өзгерткен. Енді ол қойларды ешқайда апарған жоқпын деп салған. “Полиция қызметкерлерінің күш көрсетуіне байланысты күдіктілерге қарсы жауап беруге тура келді”, – деген. Алайда, тексеріс нәтижесінде Валиевтің бұл сөзі расталған жоқ.
Заңды күшіне енген сот үкімі бойынша Г.Валиевтің жалған айғақ беруіне қарамастан, ауданның үш тұрғыны кінәлі деп танылып, сотталды.
Кейін осындай заңсыз әрекеті үшін Г.Валиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сот тергеуі нәтижесінде оның кі-нәсі дәлелденіп, 180 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp