«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС АУДАНДАРЫ БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

2013 жылғы маусым айында облыста бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 77 137 теңгені құрап, 2012 жылғы маусым айымен салыстырғанда 3,9%-ға өсті, нақты көріністе 1,6%-ға кеміді.

Облыс аудандары ішінде барынша жоғары жалақы Мамлют (71 332 теңге) және Қызылжар (71 496 теңге) аудандарына тиесілі. М.Жұмабаев (68 209 теңге) және Ғ.Мүсірепов атындағы (68 961 теңге) аудандарда біршама төмен.

Облыс аудандары бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығында барынша жоғары еңбекақы М.Жұмабаев (77 043 теңге), Мамлют аудандарының (73 607 теңге) жұмыскерлерінде. Өнеркәсіпте барынша жоғары төлемақы Шал ақын (87 260 теңге) және Есіл (86 699 теңге) аудандарында.  

Солтүстік өңірдегі облыстар бойынша 2013 жылғы маусым айында еңбекақы төмендегідей болды: Ақмолада – 81 032 теңге, Қостанайда – 83 218, Павлодарда – 91 713 теңге, қаңтар-маусым айларында сәйкесінше 75 677 теңге, 78 491 және 88 358 теңге.

Аудандар бойынша 2013 жылғы маусымдағы жалақы 

 

 

Облыстық Статистика департаменті. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp