2013 жылғы 22 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдігіне үміткерлерді тіркеу аяқталды.
Аудандардың әкімдері ұсынған 578 үміткердің 572-сі тіркелді, олардың ішінде 11-і – аудандық маңызы бар қалалардың әкімдігіне үміткерлер және 561-і – ауылдық округтер әкімдігіне үміткерлер.
23 шілдеде сайлауалды үгіт басталды, ол 5 тамызда 24 сағатта аяқталады.
Сайлауалды үгіт жариялы сайлауалды шаралар (сайлауалды жиналыстар және таңдаушылармен кездесулер) өткізу жолымен, сондай-ақ баспа және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату жолымен жүзеге асырылады.
Сайлау күні және оның алдындағы күні кез келген сайлауалды үгітке тыйым салынады.
Әкімдерді сайлау әрбір ауданда мәслихат депутаттары – таңдаушылар мәжілістерінде өткізілетін болады.
Барлық аудандарда таңдаушылардың мәжілістері биылғы 7 тамызда өткізіледі.
Облыс бойынша әкімдер сайлауына барлығы 166 таңдаушы қатысады.