«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН КІМ АЛА АЛАДЫ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту тұжырымдамасы тұрғын үй қорын қалпына келтіру және дамыту, сондай-ақ тұрғындардың тұруына жайлы жағдай жасау үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетуді көздейді.

Мемлекет тарапынан халықтың әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау бағыттарының бірі тұрғын үй көмегін көрсету болып табылады. Әлеуметтік көмектің осы түрі “Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасының Заңына және “Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру ережесіне” сәйкес тағайындалады.

Қазіргі кезде тұрғын үй көмегін алатын азаматтарға (отбасыларына) ескерілетін шығындары құрамына кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша жұмсалған шығындар енгізіледі.

2013 жылдан бастап кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін жөндеу тетігі мынадай қағидат бойынша жүзеге асырылады:

Кондоминиум нысанын басқару органы, үй-жай (пәтер) иелері және бас мердігер – мамандандырылған уәкілетті ұйымның арасында кондоминиум нысандарының ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге шарт жасалады.

Бас мердігер қосалқы мердігерлік ұйымды таңдаған кезде конкурстық комиссияның құрамына кондоминиумның жөнделетін нысандарының үй-жай (пәтер) иелері өкілдерін қосады.

Кондоминиум нысанын басқару органы үй-жай (пәтер) иелері қаржы жинақтауы үшін кондоминиумның әрбір нысанына екінші деңгейдегі банкте жинақ шотын ашады.

Осы қаражатты кондоминиум нысанын басқару органы бастапқы жарна енгізуге және жұмыстарының төлемі үшін пайдаланады.

Шартта белгіленген мерзім ішінде үй-жай (пәтер) иелері екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шотына ай сайынғы жарналарын түсіреді.

Төлемнің осы мөлшерін негізге ала отырып, үй-жай (пәтер) иелерінің шартты орындау мерзімі айқындалады.

Үй-жай (пәтер) иелері жинақтайтын алдын ала жарнаның көлемі мынадай тәртіпте белгіленеді:

2013 жылдан бастап – 3%;

2014 жылдан бастап – 5%;

2015 жылдан бастап – кемінде 7%.

Бастапқы жарнаға ақшалай қаражаттан басқа, кондоминиум нысандарын тіркеуге, техникалық аудит жүргізуге және ақау ведомосын жасауға, жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу мен мемлекеттік сараптама жүргізуге жұмсалған шығындар, сондай-ақ кондоминиум нысанының ортақ мүлкін жөндеуге байланысты өзге де шығындар жатады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының, тұрақты тұрушы және меншiк иесi, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспана жалдаушы болып табылатын тұруға рұқсаты бар оралмандар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, егер отбасының бюджетiндегi жәрдемақылық шаралар мен коммуналдық қызметтердi тұтыну мөлшерi шегiндегi тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну төлемiне шығындары тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға нормалар шегіндегі ақы төлеу сомасынан және отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстар үлесiнен артық болса, тұрғын үй көмегiне құқығы бар.

Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, кәріз, жылумен, электр жарығымен, газбен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, лифт қызметі) тұтынуға және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің байланыс қызметіне төлемдерге шекті рұқсат етілген шығындар үлесі жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жиынтық кірісінің 10% мөлшерінде белгіленген. Үй-жайдың (пәтердің) пайдалы алаңының 1 шаршы метрі үшін атқарылған жұмыстың төлем көлемі 2013 жылдан бастап ай сайын 5% АЕК-тен аспауы тиіс.

Тұрғын үй көмегі әр отбасыға жеке есептелінеді және тұратындардың санына, отбасының жиынтық табысына, пәтердің көлеміне және коммуналдық қызметтерге жұмсалған нақты шығындарына байланысты болады. Көмектің көлемі тұрғын үйдің (пәтерлердің) меншік иелері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға аз қамтамасыз етілген (соның ішінде жалғыз тұратындарға да) азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесінде белгіленген нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілетті органдар белгілеген шығыстарының рұқсат етілетін шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Уәкілетті органға кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеген кезде құжаттардың негізгі топтамасына мыналарды қосымша тапсыру қажет:

1) кондоминиум нысанының мемлекеттік тіркелуі туралы құқық беретін құжаттың көшірмесі;

2) жеке тұлғалар үшін – кондоминиум нысанын басқару органының тұлғаның сайлануы туралы тұрғын үйдің (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы хаттамасының көшірмесі;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – заңды тұлғалар үшін;

4) кондоминиум нысанын басқару шартының көшірмесі – үшінші (басқа тараптан) тұлғалардың басқаруы үшін;

5) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі көрсетілген қорытындысының көшірмесі және кондоминиум нысанын басқару органында келісілген кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасының болуы;

6) кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған мақсатты жарнаның көлемі туралы шот;

7) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум нысанын басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум нысанын басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот.

Жыл сайын бюджеттерден тұрғын үй көмегін төлеуге ақшалай қаражат бөлінеді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2013 жылғы тұрғын үй көмегін төлеуге 90 миллион 604 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

Қазіргі кезде Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша аудандарында және Петропавл қаласында көмектің осы түрі көрсетіледі. Бұдан басқа, тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі Есіл және Мамлют аудандарында да қолданылады.

Азаматтар тұрғын үй көмегін алудың барлық мәселелері бойынша тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өтініш бере алады.

Солтүстік Қазақстан облысының

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp