«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛТЫН мен АҚША бопсалаған бозбала

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында тұратын екі жасөспірім өздерінен кіші баладан ақша мен алтын ұрлады деген айыппен тұтқындалды.

Алтыншы сынып оқушысы осыдан бірнеше ай бұрын өзінің танысы арқылы 18 жастағы бозбаламен танысқан. Соңғысы жаңадан танысқан мектеп оқушысының ата-анасының тұрмысы жақсы екендігін біліп, одан автомагнитола алып келуін сұраған. Арам оймен “Үйдегі алтын бұйымдарды да ала кел” деген. Еш нәрседен сезіктенбеген жасөспірім танысының айтқанын бірден орындаған. Ал айласын асырған жігіт болса зергерлік бұйымдардың жартысын қалтасына салып алып, кетіп қалған. Келесі жолы баладан ақша талап еткен.

Мектеп оқушысының ата-анасы үйден 100 мың теңгеден астам ақша мен зергерлік бұйымдардың жоғалғанын тек кейін байқаған. Сөйтіп, Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының №1 полиция бөліміне арызданған. “Ұрлық” фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp