«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУ-СУ ЕТКЕН СКУТЕРЛЕР апатты көбейтіп тұр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда скутер мінгендердің кесірінен орын алған жол-көлік апаттары көбейіп отыр. Солтүстікқазақстандық жол сақшылары осыған орай алдын алу жұмыстарын күшейтті.

Жаз шығысымен велосипед, скутер мен мопед мінген жүргізушілер көбейді. Бұл көліктердің бағасы аса қымбат емес, сондықтан оларға отыратындардың көбі жастар. Жолда жүру ережесін біле қоймайтын мектеп оқушылары мен студенттер жол апаттарына жиі себепші болуда. Мәселен, өткен сенбіде облыс орталығындағы Жамбыл-Интернационал көшелерінің қиылысында 21 жастағы скутер жүргізушісі “Тойота РАФ-4” автокөлігімен қақтығысып қалған. Жігіт бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өтіп кетпек болыпты. Бұл жол апаты СҚО ІІД Жедел басқару орталығының бейне-бақылау камераларына түсірілген. Скутер жүргізушісінің сүйегі сынып, ауруханаға жеткізілді.

Жыл басынан бері скутерлердің қатысуымен 7 жол-көлік апаты тіркелді. Соның салдарынан 1 адам қаза тауып, 10-ы түрлі дене жарақаттарын алды. Бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өту, көлікті мас күйде жүргізу және жылдамдықты асыру скутер жүргізушілерінің көбіне тән.

 

СҚО ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp