«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІР БАСШЫСЫНА ҒАЛАМТОР АРҚЫЛЫ өтініш жолдаушылар аз емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Самат Ескендіровтің виртуалдық қабылдауына үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап 40-қа жуық өтініш түсіпті. Тұрғындардың бұйымтайлары өңір жетекшісінің бақылауына алынған.

Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ,

журналист.

Мәселен, Петропавлдың Зайсан шағын ауданының азаматтары жазған жол мәселесі шешілді. Мұндағы бірнеше жыл жөндеу көрмей, жаяу жүргінші түгіл көлік өте алмайтын жағдайға жеткен көше қалпына келтірілген.

Ізтөлин көшесіне жөндеу жүргізілмегеніне бірнеше жыл болыпты. Маңайдағы тұрғындар жол деп айтуға ауыз бармайтын дейді. Әсіресе, еріген қар суы басқанда қатынас мүлдем үзілетін. Батпақ кепкеннің өзінде көлік түгіл, жаяу жүрудің өзі мұңға айналған екен.

– Балалар мектепке жете алмай әуреленді. Жауыннан кейін тізеден асқан су жатады. Азық-түлікті мол қылып алып қоятынбыз. Шілде айына дейін жедел жәрдем шақыра алмай, біраз қиналдық. Абырой болғанда, тілсіз жау үстемдік танытпады. Әйтпесе, өрт сөндіру көлігі өте алмаушы еді, – дейді қала тұрғыны Владимир Вождаев.

Баспана иелерінің дені – аға буын өкілдері. Шұңқырларды өз күштерімен тегістеуге тырысқандарымен, жағдай оңала қоймаған. Ашынған тұрғындардың баспаған жері, бармаған тауы қалмапты, жауапты қызметтердің табалдырығын тоздырумен болған. Алайда, көмек қолы созылмапты. Мәселелерімен жападан-жалғыз қалған тұрғындар өңір басшысы Самат Ескендіровтің блогына жазуды жөн көрген екен.

– Ғаламтордағы облыс әкімінің жеке сайтына кірдім. Сауалдар мен ұсыныстар жолдауға болатынын көріп қуанып қалдық. Мәселемізді ашып айтып, өңір басшысынан демеу жасауды өтіндік. Бірнеше жыл адам қолы тимеген жол екі күнде қалпына келтірілді, – дейді Раиса Хабибулина.

Өткен аптада жол жаңа кейіпке енді. Алдымен көше судан арылды. Кейін шұңқырлар тегістеліп, қиыршық тас төселді. Демалыс күндері толассыз жауған жаңбырдың ізі де жоқ. Енді бұрынғыдай етікпен емес, жеңіл аяқкиіммен жүруге ыңғайлы болды. Тұрғындар жол түзелгесін жиналып қалған қоқыстың да шығарылатынына үмітті.

– Облыс әкімі блогының нақты жұмыс істейтініне көзіміз жетті. Бұл біздің біраз мәселемізді шешті. Үздіксіз қатынас орнады. Жолдың кесірінен коммуналдық қызметтер қоқыс шығара алмайтын. Одан да арылатын болдық. Сұрауымызды бірден қанағаттандырған өңір басшысына алғысымыз шексіз, – дейді Раиса Хабибулина.

Облыс әкімінің блогы мен виртуалдық қабылдауы мамыр айынан бастап жұмыс істеуде. Бүгінде оның мүмкіндігін қырыққа тарта жерлесіміз пайдаланып үлгерген.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp