«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АКРОБАТШЫЛАРЫМЫЗ АЛДА БОЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Павлодар қаласында акробаттық жолақ пен батутта секіруден және спорттық акробатикадан “Иртышские зори” халықаралық турнирі өтті. Онда Ресей, Солтүстік Корея, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және Қазақстанның 320 спортшысы сынға түсті. Аталмыш турнирде 20 жерлес спортшы өңір намысын қорғаған болатын.

Бәсекелі жарыстың барысында біздің спортшыларымыз да қарсыластарына дес бермей, жүлделі орындарды иеленді. Мысалы, спорттық акробатикадан өткен сында Виталий Дель мен Яна Никитина – бірінші орын, Александр Зотов пен Анастасия Бейсембаеваның аралас жұбы, Алина Абуталипова мен Алина Гасимованың әйелдер жұбы және Бауыржан Мағжан мен Денис Никитиннің ерлер жұбы мақтануға тұрарлықтай өнер көрсетіп, жеңіс тұғырының екінші орнына көтерілді.  

* * *

Ресейдің Краснодар қаласында Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Евдокия Носальды еске алуға арналған акробаттық жолақ пен батутта секіруден бүкілресейлік жарыс өтті. Оған 80 спортшы қатысты.

Байрақты додада өңір намысын қорғаған 4 акробаттың бірі – Александр Шашков 2003-2004 жылдары туғандар арасында үшінші орыннан көрінді.

Александр Шашков сонымен қатар Ставрополь қаласында КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Михаил Страховты еске алуға арналған акробаттық жолақтан секіру бойынша “Звезды прыжков” бүкілресейлік сайысына қатысқан болатын.

Сайыстың қорытындысы бойынша ол ең кіші топта үшінші болды.

 

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp