«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРДЕ БОЛДЫ, өз көздерімен көрді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО ІІД-де бірыңғай ақпараттық күн ұйымдастырылды. Оның басты мақсаты Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және насихаттау, сондай-ақ жеке құрамды бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ҚР ІІМ алқасының шешімімен таныстыру болып табылды. 

Осындай міндетпен СҚО ІІД мен барлық қызметтер мен бөлімшелердің басшылығы барлық аудан бөлімшелеріне жол тартты. Полицейлер Жолдауды талдай отыра, өз тараптарынан жүргізілетін жұмысты белгіледі. Жарты жылдың жұмысын талқылап, алдағы міндеттерді анықтады. Ең бастысы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен тәртіпті, заңдылықты сақтау керектігін тағы бір еске салды. Полицейлердің өздері жасаған құқық бұзушылық пен қылмыс та ортаға салынды.

Тәртіп сақшыларының жалпы жұмысына кір келтіргендердің мысалында жедел қызметте қатаң тәртіп пен заңдылықтың болу керектігі тағы бір мәрте ескерілді. Погонды әрбір басшы қарамағындағылардың әрекеттері үшін жауапты екенін ұмытпай, қажетті бақылауды жүргізуі тиіс.

СҚО ІІД басшылығы кәсіби өсуді, полиция қызметкерлерінің жеке және ұжымдық жауапкершілігін арттыру мақсатында осындай бірыңғай ақпараттық күндерді жиі өткізуді жоспарлап отыр.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp