«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮНІ-ТҮНІ ЖАЛАҢДАҒАН ӨРТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 399 өрт болып, одан 180 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 31 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Жиырма төрт адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.  

Өткен аптада Мамлют ауданының Белое ауылында жеке тұрғын үйдің қора-қопсысы отқа оранды. Өрттің шығуына электр сымдарының оқшауланбауы себеп болған. Шыққан өрт ағаштан жасалған қабырғалар мен шатырына зақым келтірді. Оқиға орнына жеткен жергілікті құтқарушылар тұрғын үйді, гаражды, моншаны өрттен аман алып қалды.

Ал Қызылжар ауданының Семиполатное елді мекенінде шаруа қожалығының ат қорасы өртенген. Төтенше жағдай құрылыс жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігіне жете мән берілмегендіктен орын алған. Ат қораның темір есігін дәнекерлеу кезінде қораның шатырына ұшқын түскен. Тілсіз жау шатырдың 11 шаршы метрін жалмады. “Семиполатное” және “Зимин” шаруа қожалықтарының еріктілері құтқарушылар жасағы келгенше, тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді.  

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Қарақоға ауылында түн ортасында “ЖНВ Жигалов” ЖШС-нің “ЗАВ-40” қырманындағы астықтазалағыш кешен отқа оранды. 40 шаршы метр аумақты шарпыған өртті ауыздықтаған құтқарушылар 17 тонна астық пен астық кептіргішті аман алып қалды. Өрттің шығуына кешендегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Сондай-ақ сымның қысқа тұйықталуы салдарынан “Audi-80″ автокөлігі тұтанды. Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылының тұрғыны үйіне келе жатқан кезде “темір тұлпарынан” от шыққан. Өрт барысында автокөліктің мотор бөлігі мен салоны отқа оранғанымен, көлік иесі жапа шеккен жоқ.

ТЖД мамандары электр жабдықтары мен сымдардың дұрыстығына баса мән беру қажеттігін ескертіп, әр уақытта өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға кеңес береді. Өрт оқиғасы орын алған жағдайда “101” және “112” нөміріне қоңырау шалыңыз.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp