17 шілде – 17 тамыз аралығында сот орын-даушылары коммуналдық берешекті және әкімшілік айыппұлды өндіру бойынша акция өткізуде.
Акция кезінде СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаменті өзге өкілетті мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатты. Сот орындаушылары коммуналдық берешекті және әкімшілік айыппұлды өндіру мәселелері және атқарушылық іс жүргізуде құқықтар мен міндеттерді түсіндіру бойынша азаматтарды қабылдауда. Сонымен қатар дәрменсіз борышкерлердің мекенжайлары бойынша БАҚ өкілдерімен бірге рейдтер өткізуде. Автокөліктер бойынша айыппұл берешегі бар жүргізушілерді анықтау мақсатында сот орындаушылары жол полицейлерімен бірігіп, рейд ұйымдастырып отырады. Автокөліктер көп шоғырланған аумақтарға баса назар аударылады. Берешегі барлардың шекара аумағынан шығуын уақытша шектеу жөнінде қаулы шығарылады.
СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.