«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СПОРТШЫЛАР МАДАҚТАЛҒАН ФОРУМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Тимирязев аудандық Мәдениет үйінде Дүниежүзілік спорт күні қарсаңында “Біздің мақтанышымыз” ІІ жастар форумы өтті. Аудан тұрғындары арасында саламатты өмір салтын насихаттап, өскелең ұрпақты спортқа баулуды мақсат еткен аталмыш іс-шараға аудандық мәслихаттың депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен белсенді жастар қатысты. 

Арман ҚАПЕНОВ,
аудандық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Жастардың басын қосқан шара басталмас бұрын қонақтар назарына “Біздің мақтанышымыз” атты фото және кітап көрмелері және “Ақ бидай – 2013″ атты деректі фильм ұсынылды.
Форумға жиналған көпшілік алдында сөз сөйлеген аудан әкімі Еркін Базарханов тимирязевтіктерді “Ақ бидай – 2013″ жазғы ауылдық спартакиададағы жалпыкомандалық бірінші орындарымен құттықтай келе, облыс әкімі Самат Ескендіровтің тіккен бас жүлдесі – “ГАЗель” автобусының кілтін аудандық “БЖСМ” директоры Еркебұлан Майсатаевқа салтанатты түрде табыстады.

Форумның барысында ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене атсалысып, бүкіл ауданымыздың атын шығарып жүрген азаматтар – “Қуаныш және К”, “КЭСС”, “Егінші СК” серіктестіктерінің директорлары Қайырбек Хамзин, Иса Аллахяров, Серік Жүкеев және Тимирязев орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жаттықтырушы Ақтан Мырзабаев “Тимирязев ауданының 50 жылдығы” медалімен марапатталды. 
Шара барысында аудан басшысы өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қомақты күш-жігер жұмсап, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан бір топ тимирязевтіктерге Алғыс хат табыстап, еңбектеріне табыс тіледі.
Жастар форумында саналы өмірін спортпен байланыстырып, бәсекелі жарыстарда аудан, ауыл намысын қорғаған Леонид Зигмантас пен Виктор Кашин сынды спорт саңлақтарының жетістіктері еске алынды.

 

Тимирязев ауданы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp